Қазалы. Биылғы жылы аудан диқандары 23 дана техника мен ауыл шаруашылық жабдықтарына сұраныс беріп отыр.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Қазалы ауданындағы шаруашылық құрылымдары жаңадан 13 дана ауылшаруашылық техникалары лизингілік жолмен сатып алды. Оның 5–уі шет елдің өнімділігі жоғары техникалары.