
«Қызылорда су жүйесі» МКК қаладағы ауыз су нысандарына қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуына байланысты төмендегіні хабарлайды:
- Ж.Абдрахманов көшесі бойындағы «Южный» ауыстыру камерасынан бастап Амангелды көшесіне дейінгі, Амангелды көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі, Панфилов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі, Пушкин көшесінен № 89 тұрғын үйге қарама қарсы ауыз су құдығына дейінгі су өткізу құбырына;
- «Южный» ауыстыру камерасынан Байқоңыр көшесі бойындағы ауыстыру камерасына дейінгі Садуақасов көшесі бойындағы су өткізу құбырына;
- «Южный» ауыстыру камерасынан бастап автовокзалға дейінгі су өткізу құбырына 2017 жылдың 01 қараша күні сағат түнгі 23.00-ден 02 қараша таңғы сағат 06.00-ге дейін «Южный» мөлтек ауданындағы ауыстыру камерасына қайта қосу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты көрсетілген уақыт аралығында қалаға ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Осы аралықтағы қажетті ауыз су мөлшерін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.