« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
El.kz интернет-жобасының редакциясы 29 қазан күні Астанадағы «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңінің қатысушыларына дауыс жинау үшін офлайн-акция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күні бойы журналистер орталық қонақтарына жоба қатысушылары мен дауыс беру ережелері туралы айтты. Əр адам лайықты деп тапқан кандидатқа жылжымалы пункттерде дауыстарын берді. Барлығы 150-ден астам адам «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушыларға қолдау білдірді.
«Біздің редакциямыз мұндай шараларды жиі өткізеді. Естеріңізде болса, осы жобаның бірінші кезеңінде - 30 тамыз күні Бəйтерек монументінің жанында жобаға өтінішті офлайн қабылдауды өткізген болатынбыз. Акция тамаша нəтиже берген соң, келесі кезеңде де осындай шараларды өткізуді жөн көрдік. Осы арқылы біз жоба туралы кеңінен ақпарат беріп, дауыс беруге қоғамды барынша белсендіруді көздейміз. Бізді халықтың жоба туралы хабардар болуы, дауыс беруге белсенді түрде қатысуы қуантты. Алайда жоба туралы естімеген, кандидаттарды білмейтін адамдар да баршылық екен. Сондықтан да осы шара əлі де жалғасын табады», - деді El.kz порталының жауапты редакторы Олег Рябченко.
Еске салайық, 18 қазан күні www.100esim.el.kz сайтында жобаға қатысушы финалистерге дауыс беру басталды. Барлық үміткерлер қызмет саласына қарай 6 категорияға орналастырылды, олар: ғылым, спорт, медицина, қоғам, бизнес және мәдениет. Қазір финалистерге берілген дауыс саны - 31 мың. Онлайн дауыс беру 10 қарашада аяқталады. Оның нәтижесі бойынша "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" анықталады.
Айта кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімін» анықтау бастамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген болатын.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |