Семинар өтеді

Құрметті қызылордалықтар!

 

«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған  «Біліктілік орталығы» ЖШС Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің  кәсіби біліктілігін көтеруге арналған шараларды жалғастыруда.

Орталықтың бұл жолғы семинарда қамтитын тақырыбы «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыру мақсатында Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту» деп аталады.

 Семинарда кооператив басшылары мен мүшелерінен өзге ауылдық округ, аудан әкімдерін де оқыту көзделуде.

Бүгінгі күнге дейін семинар Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында өтті. Алдағы күндері төмендегі кестеге сәйкес өзге де аудандар мен Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарлануда:

- 30.10.2017 ж. Жалағаш ауданында;

- 31.10.2017 ж. Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде;

- 02.11.2017 ж. Сырдария ауданында;

- 03.11.2017 ж. Шиелі ауданында.

 Семинарда дәрісті Біліктілік орталығының сарапшылары Нұрадин Әлібаев пен Айтуған Шәріпұлы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Дәулет Ғаниев жүргізетін болады. 

Семинарға қатысты сауалдарыңыз болса Кәсіпкерлер палатасының жауапты маманы Пірманова Алмаға хабарласуларыңызға болады. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81.

Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2017 г. 533 0