
Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен облыстық білім беру басқармасы балабақша балаларына және мектептердің бастауыш сынып оқушылары арасында «Таза қол» акциясын өткізуде.
Акция 1 қыркүйектен – 20 мамыр аралығын қамтиды.
Шараның мақсаты – балалар арасында жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін үйрету және жедел ішек ауруларының алдын алу.
Акция барысында балаларға тазалықтың пайдасы, қолды жуу қажеттілігі туралы мультфильм көрсетіліп, әртүрлі ойындар ойнау арқылы балалардың қызығушылықтарын арттырып, жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігі түсіндіріледі. Сонымен қатар, өздігінен жуына алмайтын балаларға қол жууды, орамалмен сүртінуді, үлкендердің көмегінсіз әрекет жасау үйретіледі.