
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан Қызылорда облысы аумағында «Жас құтқарушы» клубы (үйірмесі) құрылып, көптеген игі істер атқарып келе жатыр. Бұл үйірменің мақсаты оқушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы тәсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында жергілікті жердегі әр мектептің директорларымен келісе отырып, жас құтқарушы үйірмелері құрылып, ауқымды жұмыстар атқаруда.
Соның бір дәлелі ретінде 2017 жылғы 18 қазанда Құтқарушылар күні мерекесіне орай «Абылайхан» колледжі жас құтқарушылар арасында қолданбалы спорт және құтқарудың әдіс-тәсілдері түрінен жарыс ұйымдастырды. Жарысқа барлығы 8 команда қатысып, бақ сынасты. Жеңімпаздар 19 қазанда өткен Департаменттің мерекелік іс-шарасында марапатталды. Сайысқа Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің және ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің қызметкерлері қатысып, осы іс-шараға жақсы деген баға берілді.
Әлімжан Марданов,
Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы