
28 қазанда «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан Ауған соғысының ардагерлері арасында республикалық турнир басталады. Облыста биыл бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Астана қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысады.
Мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру, облыс көлемінде волейбол ойынын және бұқаралық спортты одан әрі дамыту, ардагер спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының денешынықтыру және спорт басқармасы, облыстық ауған соғысы ардагерлері ұйымы.
Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер командалары, үздік ойын көрсеткен спортшылар диплом, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жарыстың бас төрешісі, ұлттық дәрежедегі төреші:Абай Даутов (Қызылорда). Республикалық турнир 29 қазанда аяқталады.