Әжей 90 жасында жүзуден 7 алтын медаль алған

Бразилияда тұратын 93 жастағы Нора Ронай әлі күнге дейін спортпен шұғылданады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Нора жүзу спортымен кәсіби тұрғыда 69 жасынан айналыса бастаған. Содан бері ол әлемдік екі рекорд орнатты.
Ал су спорты түрлері бойынша өткен әлем чемпионатында Нора «Мастерс» категориясы бойынша 7 алтын медаль иеленген.
«Бассейн маған демалуға көмектеседі. Физикалық тұрғыда емес, эмоциналдық жағынан. Егер сен бір нәрсені қаласаң, оған уақыт табылады», - дейді Нора.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2017 г. 487 0