« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
28 қазан күні «Евразия» спорт кешенінде Халық батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық турнир өтеді. Оған Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 22 палуан қатысады.
Мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және демеушілердің қаржылай сыйлықтарымен марапатталады.
Жүлде қоры: 1-орынға 1,5 млн. теңге, 2-орынға 700 мың теңге, 3-орынға 500 мың теңге. Жарыс 10.00-де басталады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |