Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалдың ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шараға Қалалық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Кенжегүл Құрақбаева қатысты.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» заң қабылданғаннан бері меншік нысанына қарамастан барлық қала мекемелері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалымен бірге тұрақты түрде ай сайын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізіп келеміз. Жәрмеңке аясында жұмыссыз жүрген, кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған отбасы мүшелері үшін, жұмыс берушілермен тікелей кездесуге толық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінгі жәрмеңкеге қаладағы 15 мекемеден алдын- ала 40 бос орындарға сұраныстар келіп түсті, оның ішінде: маркетолог,кассир, материалды есепші, электрик, орыс тілі пәні мұғалімі, сурдо педагог, аула сыпырушы, жұмысмшы, жүргізуші, аспазшы мамандықтарына сұраныс мол», – деді, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Кенжегүл Құрақбаева.
– «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 10 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 69 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды. 83-і қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал 16-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастардың арасында 10 азамат жастар тәжірбиесімен жұмыс істеуде. Ал 15 жас тегін қысқа мерзімді курстар арқылы мамандық игеруде» – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
Жәрмеңке аясында 35 азаматқа жолдама берілді. Олардың қатарында III топ мүгедегі Болат Тоқановта бар. Болат бүгінгі жәрмеңке аясында облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп интернатына от жағушы  болып қызметке орналаспақ.
– Мен өте қуанып тұрмын. Қазір он екі мүшесі сау азаматтар да жұмыссыз сандалып жүр. Жәрмеңкеге келіп жұмыс табады деп кім ойлаған. «Нұр Отан» партиясына рахмет! Бізді кемітпей, керісінше құқымызды қорғап, жұмысқа орналасуымызға жәрдемдесіп отыр, –дейді ол.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2017 г. 618 0