ЖАЛАҢТӨС БАТЫР АУЫЛЫНДА ОРТАЛЫҚ АЛАҢ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазалы ауданында даңқты қолбасшы Жалаңтөс батырдың 440 жылдығы аталды. Жалаңтөс батыр ауылындағы ауылдық клубтың ашылуынан кейін шара орталық алаңдағы салтанатпен жалғасты.

Қонақтар биыл абаттандырылған орталық алаңмен танысты. Жаңа алаң ауылдағы ескі клуб, балабақша, шаруашылық қоймасының орнына салынған. Жаңаша кейіпке енген алаңда шағын демалыс орындары, балалардың ойын және спорттық жаттығуқұралдары орналастырылған. Жалпы ауылды абаттандыру жұмыстарына өткен жылы аудандық бюджеттен 70,5 млн теңге бөлінгенболатын.

Театрландырылған көрініспен басталған шарада «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ИбадуллаҚұттықожаев ауыл тұрғындарын баба мерейтойымен құттықтады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайын Дәуіт ауылдағы нысандардың бәрі жаңа екендігін, жаңа мектеп, жаңа амбулатория, жаңа балабақшаның қатарына бүгін жаңа клуб қосылғандығын қуанышпен жеткізді.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты. Бұдан соң қонақтар баба рухына арналған асқа қатысты.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2017 г. 584 0