245 экстремал бір мезетте көпірден секірді

Олар әлемдік рекорд орнатпақшы болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.
22 қазанда Бразилияның Сан-Паулу штатында 245 роупджампер (арқанмен биіктіктен секіретіндер) әлемдік рекорд орнату үшін 30 метрлік көпірден секірді. Енді олар Гиннес рекордтар кітабының өкілдерінен ресми жауап күтіп отыр.
Бір қызығы, мұның алдындағы рекордты да бразилиялықтар орнатқан. Былтыр сәуір айында 149 экстремал бір мезетте секірген болатын.
Daily Mail ақпараты бойынша, экстремалдар көпірден секіруге бірнеше ай дайындалды. Олар мыңға жуық қауіпсіздік белдігін пайдаланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2017 г. 419 0