Полиция қызметкері өрттен екі баланы құтқарды

Бүгін сағат 11:15 шамасында департаменттің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция капитаны Нұржанов Бауыржан Шымкент көшесінің бойындағы №24 үйдің жоғарғы қабатынан өрт шығып жатқанын көріп, дереу «101» нөміріне хабарлама береді. Өзі өрт шыққан пәтердің есігін сындырып, ішіне кіреді. 

Өзінен кейін оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Уалихан Исмаилов екеуі өртке оранған пәтер ішінен 5-6 жастағы балаларды құтқарып алып шықты. Сол жерде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өртте полицияның уақытылы және жылдам әрекеті арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2017 г. 491 0