
Шымкент қаласында Ұлттық ат спорты ойындарынан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. Көкпардан жерлестеріміз жартылай финалда Ақтөбе командасын 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Оның алдындағы кездесулерде спортшыларымыз Маңғыстауды 6:0, Павлодарды 10:2 есебімен ұтқан болатын. Аударыспақтан жерлестеріміз командалық есепте 2-орынды алды. Жекелей сында Байсейіт Нұрдаулет (40 кг) пен Мұзарап Диасқожа (50 кг) ІІ орын, Файзуллаев Әбдінасредин (60 кг) мен Байсары Аман (+70 кг) ІІІ орынды иеленді.
Ал жамбы атудан Алтынбек Жеткербай күміс жүлдені еншіледі. Айта кетейік, көкпардан тек ауданымыздың шабандоздарынан құралған облыстық құрама командасы екі жыл қатарынан еліміздің күміс жүлдегері атанса, ал Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан құралған команда ел чемпионы атанып келеді.