Байқоңыр тұрғындары түйелер мен сиырларға қатысты шағымдануда

Байқоңыр тұрғындары қала ішінде емін-еркін жайылып жүрген түйелер мен сиырларға қатысты шағымдануда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімшілік сайтына сілтеме жасап.
«Байқоңыр қаласының аумағындағы саябақтарда жайылған, қоқыс жәшіктерінен жем іздеп, көшеде жүрген түйелер мен сиырларға қатысты шағымдар жиі түсуде», - деп жазылған хабарламада.
«Тұрғын үй шаруашылығы» МК директоры Магомед Маазовтың айтуынша, Байқоңыр қаласының аумағында заңсыз жүрген жануарларды айдау үшін арнайы жұмыс жасағы құрылған.
«Тұрғындар апаттық-диспетчерлік қызметке көшеде жайылып жүрген жануарлар туралы хабарлай алады. Сиырлар мен түйелер қалаға бақылау-өткізу пунктінен және сынған қоршаулар арқылы өтіп кетіп, жақын поселкелерден келеді. Осы проблеманы шешу мақсатында 2018 жылға дейін қаладағы қоршауларды ауыстыру үшін арнайы жоспар әзірленді», - дейді М.Маазов.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2017 г. 491 0