Заңсыз аң аулаушылар ұсталды


  20 қазанында Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді.  Нәтижесінде Қазалы ауданының аумағында УАЗ автокөлігімен Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-нің  5 қызметкерлері ұсталды.
Тексеру барысында, автокөлік ішінен 1 дана қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 22 дана дайын оқтар, 1 дана шаппа пышақ және 39 дана қоян аңының  өлі денелері бары анықталды.
Қазіргі танда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2017 г. 408 0