Қызылордалық желаяқтар жүлделі оралды

Қызылордалық желаяқтар жүлделі оралдыШымкент қаласында жеңіл атлетикадан 1997-1998 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 1995-96 жылдары өмірге келген жастар арасында  Қазақстан чемпионаты өтті. Айтулы жарыста Қызылорда облысының құрама командасы қатарында өнер көрсеткен спортшыларымыз нәтижелі оралды. 
Атап айтсақ,  жастар арасында (1995-96 ж.т.) облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, спорт шеберіне үміткер Назерке Өмірғалиева 7.94 секунд нәтижесінде 60 метрге жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Жасөспірімдер арасында (1997-98 ж.т.) 1500 метрге жүгіруден сынға түскен Анастасия Щадыло үшінші орынды, 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіріп, 7:24.67 сек нәтижесімен  екінші  орынды иеленді. Светлана Саунина да 2000 м кедергілер арқылы жүгіруден  үшінші орынды еншіледі. Ал ұзындыққа секіруден Анжела Сайдгазиева (барлығы да №4 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен) күміс жүлдеге ие болды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2014 г. 952 0