« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кім-кімге де ұлтарақтай болсын жері қымбат екенін несіне жасырамыз. Қазекеңнің «Жер дауы, жесір дауы» дегенде елеңдеп шыға келетіні де бекер емес. Ал дау туындатпай жер бөлу туғанына бұра тартпай, заңдылыққа сүйенетін әділдікті талап етері тағы анық.Осы бағытта қабылданған мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы көпшіліктің көңіліне үміт отын ұялатқандай.
Аталмыш бағдарлама аясында Қазалы ауданында да сүбелі істер атқарылуда. Халықтың тұрғын үй салудағы жер учаскесіне деген кезектілігін азайту мақсатында ел ағалары да қол қусырып отырған жоқ.Біршама деректер келтірсек. Өткен жылы Қазалы қаласынан 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігіне ұсынған еді. Қаржы шешімін тапқан жағдайда тұрғын үй салу үшін 607 жер учаскелері ашылатын болады. Сондай - ақ дәл осы Қазалы қаласынан 81 гектар жер учаскесі бойынша (294 жер учаскесі ашылады) жолдар салу, электрмен, ауыз сумен, газбен жабдықтау жобасына, 180 гектар жер учаскесіне газбен жабдықтауға жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 42,7 млн.теңге қаржы бөлініп, жоба әзірленіп, сараптама қарауына ұсынылған.
Аудан орталығы Әйтеке би кентінде 40 мыңнан астам халық, 8 мыңнан астам отбасы ғұмыр сүреді. Қазіргі таңда Әйтеке би кентінің бас жоспары бойынша жаңа қоныстану аймақтары игерілу үстінде. «Жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдерін бөлуді мейлінше ашық әрі әділ тұрғыда жүзеге асыру тұрақты назарға алынған. Жер телімін алушылардың тізімі баспасөз бетінде жарияланады.Оған қоса жерді өз мақсатында, көрсетілген мерзімде пайдалану бақылауға алынған. Егер талап сақталмаған жағдайда (игерілмесе т.б) жер телімі қайтарылып алынады» дейді Әйтеке би кенті әкімінің міндетін атқарушы Әліби Әбиев.
Бүгінгі күнге кентте 5000-нан астам жер учаскелерін сұраған өтініштер кезекте тұр.Тұрғындың үй құрылысын сұрап жазған өтініштерінің санын азайту үшін кенттің 5-квартал аумағынан 210 га, Әйтеке би - Басықара автожолы бағытында 56 гектар, кент пен Қазалы қаласы аралығынан 180 гектар жерге түбегейлі жоспарлау жобасы жасалғанын, Бүгінгі күнге Әйтеке би-Басықара автожолы бағытындағы көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (кірме жол, электрмен жабдықтау) құрылысына қаржы бөлініп, 200 жер учаскесі пайдалануға берілгелі отырғанын оқырмандар қаперіне салсақ.Оған қоса Әйтеке би кентінен 210 гектар жер учаскелерінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту (жолдар салу, электрмен жабдықтау) нысанына ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Нысан өтпелі. Тапсыру мерзімі келесі жылға есептелген. Жоба толық іске асқанда жаңадан 573 жер учаскесі ашылатын болады.
Әйтеке би кенті - Қазалы қаласы аралығынан180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары дайын. Бұл аймақтан тағы 266 жер телімі беріледі. Осы жұмыстардың негізінде биыл үш мыңнан астамқазалылыққа жер берілмекші. Болашақта қала мен кенттің аралығы қосылуымен бұл орын үлкен орталыққа айналады деп күтілуде.
Жұмабек Табынбаев, Қазалы ауданы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |