Қазалы. Ауданда инженерлік жүйеге келтірілген 3367 гектар жер пайдаланылмай келеді. Себебі, қашыртқылардың дұрыс жұмыс істемеуінен жерлер екінші қайтара тұзданып кеткен.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы олқылықтың орнын толтыру үшін өткен жылы К-2 коллекторлар жүйесі қайта қалпына келтірілген болатын. Алайда, насос станциясының электр подстанция болмағандықтан коллектр өз деңгейінде жұмыс жасамады. Биыл бұл жұмыста аяқтау үшін республикалық бюджеттен 91 млн теңге қаржы бөлініп отыр.