
Халықаралық футбол федерациясының таңдауы тағы да Криштиана Роналдуға түсті. Португалиялық «Реалдың» шабуылшысы осымен екінші рет жылдың үздігі атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Лондонда өткен жыл үздіктерін марапаттау салтанатында белгілі болған.
Дауыс беруге биылғы жылдың ең таңдаулысы деген үш футболшы қатысқан. Олар «Барселонаның» Лионел Мессиі, ПСЖ-ның Неймары және биылғы жеңімпаз – Роналду.
Үздіктердің арасынан топ жарған Роналду 2017 жылдың үздігі атанды. Ол осы жылы ең керемет голдар соғумен қатар, португалиялықтарға Испания чемпионы атануға және Чемпиондар лигасын жеңіп алуға мүмкіндік жасаған болатын. Роналду өткен жылы да үздік атанған.
Ал «Үздік жаттықтырушы» номинациясын «Реалдың» бапкері Зинедин Зидан алса, «Арсеналдың» ойыншысы Оливье Жиру «Үздік голдың» авторы атанды.