« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өткен жексенбіде «Қайсар» өз алаңында «Атырауды» қабылдап 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл қызылордалық команданың биылғы маусымдағы өз алаңындағы соңғы ойыны болатын. Осылайша олар Сыр жанкүйерлеріне жарқын қуаныш сыйлады.
Жергілікті стадионның қосымша алаңына шыққан қос команда арасындағы ойын ә дегеннен тартысты басталды. Стойчо Младенов шәкірттері толассыз шабуыл ұйымдастырды. Бірақ қарсыластың осал тұсын табу оңайға соққан жоқ. Алғашқы минуттардан қорғаныста жатқан атыраулық команданың тек 20 минуттан кейін ғана ойынына өзгеріс ене бастады. Осылайша «Қайсарға» алғашқы соққысын бағыттады. Қос команда алмакезек шабуылдап, бірінші таймның соңында есеп ашылды. «Атырау» командасының ойыншысы Новица Максимович допты алыстан бағыттап, төреші қосқан бір минутты тиімді пайдаланып кетті.
Екінші таймда «Қайсар» белсенділік танытты. Өз алаңындағы маусымның ақырғы ойынында жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті сезінді ме, әлде бапкер басқаша нұсқау берді ме, әйтеуір «Қасқырлар» қателікке бой берген жоқ. Екінші 45- минутта төрт бірдей гол салды. Алдымен Аржановтан пас алған Байжанов гол салса, 10 минуттан соң Аржановтың өзі гол авторы атанып, команданы алға шығарды. Матч соңына қарай Матиас Курьор дубль жасап, жанкүйерлер қуанышын еселеді.
Қазір «Қайсар» ұзақ уақыттан бері тұрақтап келген 6-орынынан 7-ге сырғыды. Өзінен кейін «Атырау» тұрса, қарағандылық «Шахтер» жергілікті топтың алдына шығып кетті. Ендігі екі ойынын сыртта өткізетін қызылордалық команда алдымен Оралға қонаққа барса, одан кейін Таразда маусымды қорытындылайды. Биылғы маусымды қарқынмен бастаған «Қайсардың» турнирлік кестедегі қазіргі орны көңіл түсіретіндей емес. Олар осындай жеңісті ойындарын жалғастырар болса, кестеге өзгеріс енгізеді. Тіпті, соңғы екі матчта жеңіске жетсе, Еуропа лигасында ойнауына да мүмкіндік туады.
М.ЖАСҰЛАН.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |