«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ӨҢІРЛІК ЖОБАЛЫҚ ОФИСІ ТУРАЛЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын өңірімізде жүзеге  асыру мақсатында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2017 жылғы 10 мамырдағы 559-ө өкіміне сәйкес «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі ашылып, жұмыс жасауда.

Жобалық офис:

•Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастырып, білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту

• Қазақстандықтардың әлеуметтік белсенділігі мен Отан алдындағы жауапкершілік сезімін нығайту

• Ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарымызға құрметпен қарап, тарихымызды жаңғырту

• Ақпараттық инфрақұрылым құрып, Бағдарламаны іске асыру барысы туралы халықты хабардар ету бағытындағы жұмыстарды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырады.

Бағдарламаның жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстарын жүргізуге барлық азаматтар (Азаматтық қоғам институттарының өкілдері, жастар ұйымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері және жергілікті тұрғындар) қатыса алады. Егер Бағдарламаны іске асыруға бағытталған ұсыныстар болса өңірлік жобалық офиске келіп ұсынып, пікір қалдыруға болады.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, облыстық мекемелер үйі 3-қабат №347 бөлме.

Байланыс телефондары: 60-53-09, 60-55-58 rzh_kzo@mail.ru

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2017 г. 794 0