« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Өнегелі отбасы – рухани жаңғырудың өзегі» тақырыбында бастауыш партия ұйымы мүшелері арасында отбасылық байқау өтті.
Шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты екенін атап өтті.
– Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиістігін атап көрсеткен. Бұл – жаһандану дәуірінде өз тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық ғана табысты өркендей алатындығының кепілі. Сондықтан отбасындағы ынтымақты, береке мен бірлікті сақтай отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылады, – деді Ибадулла Құттықожаев.
Бұл байқауда аумақтық кезеңнен озық шыққан бастауыш партия ұйымдарынан 12 отбасы қатысып, таныстыру, өз өнерін көрсету, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын заманауи тұрғыда насихаттау бойынша сынға түсті.
Шара соңында жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені Сырдария аудандық партия филиалына қарасты «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымынан Көшекбаевтар отбасы, І орынды Қазалы аудандық филиалының «Ақжелкен» бастауыш партия ұйымы, Тәңірбергеновтер отбасы, ІІ орынды қалалық филиалына қарасты «Сымбат» бастауыш партия ұйымы, Нұрымбетовтер отбасы және «Тұран» филиалына қарасты «Көрмек» бастауыш партия ұйымы, Мирмановтар отбасы иеленсе, ІІІ орын Жалағаш және Жаңақорған аудандық филиалдарына қарасты «Жаңаталап», «Өнер» бастауыш партия ұйымдары отбасыларына бұйырды.
– Отан отбасынан басталады. Үлгілі отбасы кейінгі ұрпаққа қолжетімді көрнекі құрал іспетті. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отырған бұл байқау Елбасы көздеген жаңғырудың жарқын үлгісін насихаттауда өзгеге үлгі көрсетіп отыр, – деді «Өркен» бастауыш партия ұйымының мүшесі, II орын иегері Нәку Мирманов.
Қалған бастауыш ұйым отбасылары түрлі номинацияларға ие болып, арнайы алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шынар БЕКБАН.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |