Арал. Аудандағы Аралқұм елді мекенінде алдағы уақытта басты мәселе – ауыз су жүйесін жүргізу өз шешімін табады.
Бұл орайда аудан басшысы Мархабат Жайымбетов есепті кездесуде оның жоба-сметалық құжаттары жасалып жатқандығын айтты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының ұсынған спорт алаңы мен балабақша салу мәселесі де назардан тыс қалмады.