
Әлемнің 21 жасқа дейінгі үздік футболшысына табысталатын Golden Boy сыйлығының иегері «Пари Сен-Жермен» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе болды.
Италиялық Tuttosport газетінің сайты хабарлағандай, дауыс беру қорытындысы бойыша француздық Килиан «Манчестер Сити» шабуылшысы Габриэль Жесус пен оның әріптесі «Барселоналық» Усман Дембелені басып озды. Былтырғы жылы бұл сыйлықты португалиялық Ренату Санчес еншілеген болатын. Golden Boy сыйлығы Tuttosport-тың бас редакторының баастамасыме 2003 жылда бастап беріле бастады.
ҚазАқпарат