Дөңгелек үстел өтті

Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Азаматтық қорғау және шұғыл қызметтердің кезекшілік – диспетчерлік қызмет басшыларының және «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының төрағасы Чебакова Ольга Константиновнаның қатысуымен өзара әрекеттесу, проблемалық сұрақтар, оларды шешу жолдары тақырыбында дөңгелек үстел өкізілді. Отырыс барысында алдағы қыс мезгіліне шұғыл қызметтердің дайындығы, орын алған оқиға орындарынан ақпаратты жедел әрі нақты алмасып, бірлесіп өзара әрекеттесу жөнінде сөз талқыланды.
Сонымен қатар «2017 – 2018 жылдардың қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғауға дайындау және ұйымдастыру туралы» ҚР Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары – ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал – полковнигі Қ. Қасымовтың 2017 жылғы 17 қазандағы №690 бұйрығы жеткізілді.

Бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2017 г. 568 0