Шиеліде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Шиеліде Мәуліт мерекесі аталып өттіШиелі. Ауданындағы Алмалы,Тартоғай ауылдарында қасиетті Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті. 
Шарада ауданның бас имамы Рахат Ахметов Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (С.ғ.с) туылған күні құрметіне мәуліт құтпасын оқып, өнерпаздар діни өлеңдер айтып, тарихтан сыр шертетін термелар шырқады. Мереке соңында ауыл тұрғындарынан мәуліт мерекесіне жиналған қаржыға мал шалынып, ас берілді. «Одан өзге, мәуліт мерекесіне қатысушылар ЗК-169/4 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жүргендермен кездесіп, тәрбиелік мәні зор насихат жүргізді. Ал, аудандық Мәуліт мерекесі 13 ақпан күні Салтанат сарайында кең көлемде өткізілетін болады» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2014 г. 1 028 0