Премьер-лига тарихындағы ең жылдам гол соғылды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам соғылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Ел премьер-лигасының жаңа рекорды кеше өткен «Тобыл» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы ойында тіркелді. Қостанайлық клубтың шабуылшысы Жасұлан Молдақараев қонақтар қақпасына бар болғаны 10 секундтың ішінде гол соғып үлгерді. Осыған дейін Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам гол көрсеткішін Александр Гейнрих пен Сергей Шафф еншілеріне жазып келген еді. 2015 жылы Александр «Тобыл» қақпасына, 2017 жылы Сергей «Ақтөбе» қақпасына 18-секундта гол соққан болатын Ең жылдам гол соғылған ойында «Тобыл» «Оқжетпесті» 4:1 есебімен ұтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2017 г. 566 0