
Ұлыбританияның Белфаст қаласында үлкен бокс кеші мәресіне жетті. Бұл күннің басты кездесуінде қазақстандық Жанат Жақиянов пен британдық Райан Барнетт кездесіп екі тұжырым бойынша (WBA Super және IBF) чемпиондық атақты сарапқа салды.
Жеңіл салмақта (53,5 кг) сынға түскен қос боксшы жоспарланған он екі раунд бойы бокстасып, жеңімпаз төрешінің шешімі арқылы белгілі болды. Өзінің туған қаласында бокстасқан Райан Барнетт төрешілердің бірауыздан шешімімен Жанат Жақияновтан басым түсіп, WBA Super және IBF титулдарының иегері атанды. Бұл Жанаттың спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Сондай-ақ Жақиянов 27 кездесуде жеңіске жеткен. Ал Райан Барнетт болса, осы жекпе-жекті қоса есептегенде 18 кездесу өткізіп жеңілістің не екенін білмей келеді.
prosports.kz