« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанұлының есімі көпшілікке жақсы мәлім. Теңіз төскейіндегі қабырғалы қауым сексеннің сеңгіріне самғап шыққан саңлақ ұлының мерейтойын кең көлемде атап өтті. Мерейтойға қатысушылар ең алдымен Арал қаласындағы балықшылар мұражайына болып, балықшылар өмірінен сыр шертетін түрлі экспонанттармен танысты. Сондай-ақ Құдайберген Саржанұлының К. Дәрібаев көшесінде орналасқан үйіндегі мұражайын аралады.
Аудандық мәдениет үйінде өткен «Өмір жолы сан тарау – Ерен тұлға атты» салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Нариман Талғатұлы ыстық ықыластарын білдіріп, Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев мерейтой иесіне ұлтық дәстүрмен шапан жауып, сый-сияпат жасады.
Аталмыш мерейтойға кезінде Арал ауданын басқарған азаматтар, ел ағалары ізгі ниеттерін білдірсе, Құдайберген ағамызбен қызметтес болғандар түрлі естеліктермен бөлісті. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік кеш соңында Құдайберген Саржанов ағамыз баршаға шын жүректен ризашылығын айтты.
Еңбек жолын «Арал балық шаруашылық» өндірістік бірлестігінің инженері болудан бастап, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Балық шаруашылығы министрі деген жоғары лауазымды атқарған Құдайберген Саржанұлы осылайша жерлестерінің лайықты қошеметіне бөленді.
Жұмабек Табынбаев,
Арал ауданы.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |