Астана. Бүгін, 10 ақпанда Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 5 түрі бойынша қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олимпиаданың тағы бір күні қазақстандықтар үшін шорт-трек жарысынан басталады. 1500 қашықтыққа жүгіруден екі спортшымыз қатысады. Олар: 20 жасар Айдар Бекжанов БҚО-дан және 18 жасар Денис Никиша Қостанай облысынан. Оларға 36 спортшы қарсы тұрмақ. Жанкүйерлер Олимпиада паркінде "Айсберг" қысқы спорт сарайында 15:45-те жиналады. 16:27-де басталатын 500 метрлік жүгіруді БҚО тумасы конькимен жүгіруші Инна Симонова жалғастырады. Онымен бірге 32 спортшы өз бағын сынайды.
500 метр қашықтықтағы жарыста қазақстандық конькимен жүгіруші 22 жасар Роман Кречпен бірге 40 спортшы бәсекеге түседі. Жарыс 19:00-де «Адлер-Арена» конькимен жүгіру орталығында өтеді.
Кешкі сағат тоғызда тау шаңғысы мен биатлон жарысына арналған «Лаура» кешенінде биатлон сайысына (12,5 қашықтық) ШҚО тумасы Ян Савицкий мен Сергей Наумик қатысады. Медальды есеп марафонына барлығы 60 спортшы шығады.
«Санки» шаңғы спорты орталығында 20:45-те 18 жасар Елизавета Аксенова есімді отандасымыз өз күшін сынап көрмек. Онымен бірге 31 спортшы қатысады.
Тағы 3 шығыс қазақстандық спортшымыз сағат 20:00-де ««Роза Хутор» экстрим-саябағында могул спорт түрі бойынша жарыс жолына шықпақ. Олар: 25 жасар Дмитрий Рейхерд, 17 жасар Павел Колмаков және 28 жасар Дмитрий Бармашов.
Жарыс уақыттары Астана уақытымен берілген.