«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша,
23 қазанда күндіз, 24 қазанда тәулік бойында Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен 15-20 м/с жел, 24 қазанда кей жерлерде тұман күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы