Облыстағы апатты 24 мектеп жаңартылады

Облыстағы апатты 24 мектеп жаңартыладыҚызылорда. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 24-ші сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев депутаттарды жақында бекітілген облыс әкімінің іс-қимыл жоспарымен таныстырып, жыл бойы атқарылатын жұмыстарды баяндады. 
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өндірісті өркендету бағытында аймақта осы жылы жем шығаратын және қызыл мия өңдеу зауыты іске қосылады. Әлеуметтік салада да ауқымды тірліктер тындырылмақ. 16 арендалық үй пайдаланылуға беріледі. Аймақта апатты жағдайда тұрған 24 мектеп бар. Соның тең жартысының құрылысы басталады. Металлургиялық кластер құру үшін мамандарды дайындау биылдан қалмай қолға алынады. Жүзге жуық мектеп бітіруші Мәскеу болат және қорытпа институтында оқуға мүмкіндік алады. 
Сессия жалпы төрт мәселе қаралды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова депутаттардың сауалдарына жауап берді. Осылайша халық қалаулылары алдағы жылы атқарылатын жұмыстарды айқындап алды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2014 г. 761 0