ТЕҢГЕ ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ҮЛЕСІ ӨСІП КЕЛЕДІ

 Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық Банктің Қызылорда филиалы директорының орынбасары Наталья Ким бүгінгі қаржы жағдайына қатысты деректерді БАҚ өкілдеріне жеткізді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфляция нысаналы диапазон шеңберінде тұруды жалғастыруда. Ұлттық Банктің инфляция бойынша бағалауы оның нақты деңгейіне толық сәйкес келеді. Қыркүйекте жылдық инфляция 7,1 пайыз болды (бұл көрсеткіш аймақ бойынша 7,2 пайыз) және нысаналы дәліз ортасында тұр. Қыркүйекте республика бойынша инфляция 0,3 пайыз болды (аймақ бойынша – 0 пайыз).
Инфляцияның сақталуына халық тарапынан кейінгі қалды-рылған сұраныс факторы ретінде азық-түлікке жатпайтын тауар¬дың бағасының өсуі ықпал етті. Қыркүйекте азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша тұтыну бағасының индексі ¬республика бойынша 101,3 пайыз, ал аймақ бойынша 100,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының нарығында соңғы айлар ішінде бағаның маусымдық баяулауы байқалды, азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағасының индексі аймақта 0,3 пайызға төмендеп, 99,7 пайызды құрады.
Қазіргі уақытта ішкі валюта нарығында басым жағдайда алыпсатарлық факторға байланысты болған құбылмалылық байқалады. 2017 жылдың 20 қазанында ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы – 334,11 теңгені құрады (құлдырау – 0,25 пайыз, 01.01.2017 ж АҚШ долларының бағамы 333,29 теңге болды). Шетел валютасына сұраныстың өсуі соңғы уақытта девальвациялық күтулердің жоғарылауынан болуда.
2017 жылдың 1 қыркүйегіне Қызылорда облысы бойынша жалпы депозиттер көлемі 97 млрд теңгені құраған. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 61,5 млрд теңге. Шетел валютасындағы депозитер көлемі 22,8 пайызға азайып,35,5 млрд теңгені құрады.Теңгедегі депозиттер үлесі 2017 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 56,3 пайыздан 63,4 пайызға өскен. Банктік салымдар бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі теңгемен жинақтар үшін қолайлы болып қалуда.
Брифингте  ҚР Ұлттық Банктің Қызылорда филиалының бөлім басшысы Светлана Ибраева халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы туралы айтып берді. Бұл бағдарлама 2017 жылдың 31 мамырында бастау алған болатын. Қазіргі уақытта оның қатысушылары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Еуразия банкі» АҚ және «Цеснабанк» АҚ болып табылады.
Брифингте сондай-ақ мерейтойларға, естелік күндерге, айтулы оқиғаларға, сонымен қоса белгілі тұлғаларға, тарихи ескерт¬кіштерге, ұлттық дәстүрлерге қатысты арналып шығарылып, дүниежүзілік көрмелерде жүлделерге ие болған көптеген монеталар түрі таныстырылды. Мәселен, 2014 жылы Мексикада өткен монета сарайлары директорларының 28-ші Конференциясында мүшелердің құпия дауыс беру шешімі бойынша «Алма отаны» күміс монетасы «2014 жылдың ең әдемі монетасы» номинациясында бас жүлдені ұтып алған.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 462 0