| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ жұртына тарихи тұлғаларының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені ақиқат.
Биыл Алашорда үкіметінің 100 жыл толуына орай, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Алаш қозғалысы – Тәуелсіздік жаршысы» атты ақпарат сағаты болып өтті. Шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар қазақ ақындарының жыр шумақтарын оқыды.
Сондай-ақ, «Тарихи тұлғалар» тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі өткізілді.
Шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар қазақ ақындарының жыр шумақтарын оқыды.
Алаш пен Тәуелсіздік – егіз ұғым. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғай алуында. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан. Әрбір азамат жүз жыл бұрынғы ұлттық идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның негізі екенін сезінеді. Бұл отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді. Ендеше, Алаш арыстарын ардақтау – ұрпаққа міндет.
Құралай МАКОСОВА,
Қызылорда облыстық зағип және
нашар көретін азаматтарға арналған
арнаулы кітапханасының кітапханашысы.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |