ЕҢБЕКАҚЫМЫЗДЫ ӨНДІРІП БЕРДІ

Арал қаласының тұрғындары, барлығы 11 адам «Балбөбек» балабақшасында 2015-2016 жылдар аралығында жұмыс істеген кездегі еңбекақымызды ала алмай келген едік. Қала тұрғыны, жеке кәсіпкер Еркетай Исатаева бір жарым жылдан астам уақыт бойы себепсіз төлемей, бізді және балаларымызды айлық нәпақамыздан айырған болатын. 

Осыған байланысты біз бірнеше рет аудан көлеміндегі мемлекеттік органдарға арызданып, одан оңды нәтиже болмаған соң, сотқа талап арыз беруге тура келді. Арал аудандық сотында өкілдік тапсырмамызды орындаған облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тілектес Өміржанов заң тұрғысында бізге дұрыс жол көрсетті. Біздің атымыздан сотқа талап арыз дайындап, конституциялық құқымызды қорғап, еңбекақымызды сот арқылы өсімппұлымен қоса өндіріп алуға көмектесті. Сонымен бірге, адвокат «Балбөбек» балабақшасына жұмысқа тұрғызамын» деп, бізден алдап ақша алған Г.Дүйсеновадан алашағымызды сот арқылы өндіріп алуға да септігін тигізді.  

Осыған байланысты 11 адамның атынан Т.Өміржановқа алғыс білдіре отырып, халықтың ықыласына бөлене беріңіз дейміз.  

Б.ИМАҒАНБЕТОВА, 

Арал қаласының тұрғыны. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 554 0