ДАНА ХАЛЫҚ ҰРПАҚТАРЫНА РИЗАШЫЛЫҒЫМ ТАУДАЙ

Мен 35 жыл үзбей Сырдария ауданында Қазпошта байланыс торабында еңбек етіп келемін. Осы жылдар ішінде бір ұжымда ұлтқа, дінге бөлінбей жұмыла еңбек етудеміз. 
Бір-біріміздің қуанышымызбен бөлісіп, қайғымызға ортақтаса білеміз. Бұл бізді одан әрі жақындастыра түседі. Қазақ халқы қандай десе бірден қонақжай екені есіме түседі. Себебі, қиын-қыстау заманда қоныс аударған жандарға қонақжайлылық танытып, өздері мұқтаж болса да өзгелермен бөліскен халықтың пейілі дархан екені сөзсіз. Осы үшін де қазақ жұртына өзге этнос өкілдерінің айтар алғысы шексіз деп ойлаймын. Менің де дана халық ұрпақтарына өз ризашылығым таудай.
Надежда Быстрякова
Сырдария аудандық "Қазпошта"
 байланыс торабының "Сұрыптау" бөлімшесінің басшысы. 












ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қазан 2017 г. 493 0