Бағдарламаға қатысыңыз!

2017 жылдын бастап жаңадан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

«Даму» қоры осы аталған бағдарламаның негізгі операторы болып табылады. Сонымен қоса бағдарламаға қатысушыларды несиелеу үшін Екінші деңгейлі банктер мен микро қаржы ұйымдары үшін қаржыландырудың тұрақты көзін құрады және шағын несиелер бойынша кепілдеме береді.

Бағдарламаға қатысушылар:

  • Жұмыссыздар, халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгеніне қарамастан;
  • кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
  • ауылшаруашылық кооперативтері және олардың мүшелері.
  • Бағдарламаға қатысу шарттары:
  • ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы туралы сертификаттың болуы және Салық органдарында ЖК немесе ШҚ ретінде тіркелуден өтуі;
  • әрекет етуші кәсіпкерлер үшін – жаңадан жұмыс орындарын ашып, оны сақтап қалу.
  • Несиелеу шарттары:
  • соңғы несие алушы үшін жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6 % -дан артық емес;
  • несиенің максималдық сомасы – 1 несие алушы үшін 8 АЕК-тен артық емес (18 152 000);
  • несие инвестицияға және айналым қаржатын толықтыру үшін беріледі, бірақ сауда саласындағы жобаларға айналым қаражатын толықтыруға берілмейді.
  • Шағын несиелерге кепілдеме берудің шарттары:
  • Бағдарламаға қатысушыларға кепілдеме тегін беріледі;
  • Кепілдеме көлемі:
  • Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер үшін – несиенің 85%-дан аспайтын көлемінде;
  • Әрекет етуші кәсіпкер үшін – несиенің 50%-дан аспайтын көлемінде.
  • Бағдарлама бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады. Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі,12. КҚКО, телефон: + 7 7242  55 11 18
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қазан 2017 г. 544 0