« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры бүгін журналист, блогер Алмас Алтайдың БАҚ өкілдері, баспасөз хатшылары, студенттермен кездесуін ұйымдастырды.
Басқарма басшысы Айдын Қайруллаевтың кіріспе сөзінен соң блогер әлеуметтік желіде қоғамдық пікір қалыптастыру, белсенді болу жолдары туралы білгенімен бөлісті. Әкімдер мен басшылардың танымалдығы өзінен бұрын баспасөз хатшыларының қарымына байланысты екенін жеткізді. Жаңа медианың мүмкіндіктері, азаматтық журналистиканың дамуына қатысты мәселелер де қозғалды.
А.Алтай журналистикада бірнеше жыл еңбек еткен. «Бірінші» арнада жүргізуші, «Қазконтент» АҚ-да бас маман, «Хабар» агенттігінде редактор, «Астана ТВ» арнасында тілші болды.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |