
Корея Республикасы Чолланамдо провинциясы Білім департаментінің делегациясы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде комьютер орталығының ашылу салтанатына қатысты.
Чолланамдо провинциясының Білім департаменті өзара ынтымақтастық негізінде Қорқыт Ата университетітіне LG маркалы 69 компьютер сыйға тартты. Компьютерлік орталықта студенттер аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын тапсыра алады.
Жыл сайын университеттің халықаралық қатынастар аясы кеңейіп келеді. Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім беру және ғылым қоғамдастығына одан әрі ықпалдасуға бағытталған. Бүгінде университет АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Египет және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен, білім беру және мәдениет орталықтарымен, жетекші ғылыми орталықтарымен әріптестік байланыста. Халықаралық қатынасты дамыту мақсатында 80-нен астам меморандумға қол қойылған.
Жиын соңында Чолланамдо провинциясы Білім департаментінің әкімшілік бюросының директоры Ли Чон Бам әріптестік ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал жасайтынын айтып, ұжым жұмысына табыс тіледі.