Қызылордада Фариза Оңғарсыноваға ас берілді

 Қызылорда. Алаштың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға Қызылорда облысы әкімдігі ас беріп, рухына құран бағыштады. 
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, еске алу шарасына жиналған Сыр өңірінің ақын, жазушылары Фаризаға арнау арнап, естеліктер айтты. Ақын өмірінен қысқаша бейне көрініс көрсетілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Елі тұрғанда Фариза ақынның есімі ешқашан өшпек емес» деді. 
Поэзия падишасы әдебиет саласымен қатар тәуелсіз елдің дамуына да орасан үлес қосты. Елорданың іргесі қаланған жылдары бас қалада қазақ мектептері мен балабақшалардың ашылуына ұйтқы болды. 

 

Қызылордада Фариза Оңғарсыноваға ас берілді

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2014 г. 922 0