Шиелі. Бүгін, 6 ақпанда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ел алдындағы есеп беру кездесуде Тартоғай ауылының орталығына қашық тұратын мектеп оқушыларын білім ордасына таситын «ГАЗель» автокөлігін табыс етті.
Ауыл ақсақалдары аудан әкімімен өткен жылдың жазында кездесуде осы өтінішті жеткізген еді. Ауылда 5-6 шақырымнан қатынап оқитын 30-ға тарта оқушы бар. Сол өтінішті орындаудың орайы бүгін түсті. Бұл мақсатта жергілікті қазына қазанынан қаржы қаралды. Сондай-ақ, аудан басшысы ауыл тұрғындарымен өткен есеп беру жиналысында «Биыл Тартоғай ауылына 150 орындық клуб, Майлытоғай ауылына 150 орындық мектеп, 150 орындық клуб құрылыстары басталады» деп мәлімдеді.