БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Төлепова атындағы Қармақшы аудандық Мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метерова бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келіп, жұмыс сұраушыларға ауданда жұмыссыздықты жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.
Жәрмеңкеге аудан бойынша 15 мекеме мен кәсіпорындар қатысып, олар денешынықтыру пәні мұғалімдері мен медбике, есеп бөлімінің шаруашылық меңгерушісі, от жағушы мен би үйретуші және гардеробшы мамандықтары бойынша мамандар қабылдады.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
"Қармақшы таңы" газеті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2017 г. 650 0