« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Құтқарушылар күні қарсаңында волейбол және мини-футбол бойынша жолдастық кездесулер ұйымдастырылды, оған ФҚММ командасы «Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің №70 федералдық өрт сөндіру қызметінің арнайы басқармасы», Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің құрама командасы, Байқоңыр қаласы №13 өрт сөндіру бөлімінің командасы және Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің командасы келді.
Жолдастық матчтың қатысушылары волейбол және мини-футболда қызықты және таңғажайып ойындар көрсетті. Ойыншылар да, көрермендер де - жалпы барлығы ойыннан әсер алды. Қызылорда облысы ТЖД құрама командасының шабуыл соққылары тиімді болып, волейбол мен мини-футболдан команда жеңіске жетті.
Жолдастық матчтың жабылуында қатысушылар дипломдар мен мақтау қағаздарын иеленді. Ресейлік әріптестер К.Андросов «Үздік тосқауылшы» және Е.Зинченко «Үздік диагоналшы» номинациялары бойынша үздіктер деп танылды. Р.Семкин жолдастық матчтың «Үздік шабуылшысы» атанды, Ж.Еришов «Үздік қақпашы» ретінде мақтау қағазымен марапатталды. Бұдан басқа қазақстандық спортшылар Б.Жиенбаев «Үздік байланыстырушы», О.Мүбәрәк «Үздік либеро» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Кіші аяқ добынан өткен ойындарда «Үздік ойыншы» номинациясын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері азаматтық қорғау майоры Р. Жүнісов иеленді.
Екі елдің құтқарушылары спорт алаңында достық жағдайды атап өтті. Спортшылардың «Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің №70 федералдық өрт сөндіру қызметінің арнайы басқармасы» мұндай достық ойындарын үнемі өткізіп тұруды ұсынды, өйткені мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіреді. Жолдастық матч татулық жағдайда аяқталды. Матчтан кейін қатысушылар тамаша ұйымдастырылған кездесу үшін бір-біріне алғыс білдіріп, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені фонында суретке түсті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |