Қазалыда өндірістік аймақ ашылады

Қазалыда өндірістік аймақ ашылады Қазалы, Ауданда өндірістік аймақ ашу үшін Әйтеке би кентінен 12,7 гектар жер учаскесі белгіленді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда оны қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 4 млн.теңге бөлініп, жоба сметалық құжаттар әзірленді. Жоба құны 177 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінен мақұлданып, республикалық бюджеттен  қаржыландыруға ұсынылып отыр. Осы өндірістік аймақтан 8,7 гектар жерге жалпы құны 393,6 млн.теңге құрайтын 12 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2014 г. 978 0