« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысқан ағайынды екі жігіт 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 38 және 39 жастағы ағайындыларға қатысты қылмыстық істі қарап, айыптау үкімін жариялады.
«Ағайынды сотталушылар аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізумен айналысқан. Оны сақтап, тасымалдап, адамдардың денсаулығына қарсы аса ауыр қылмыс жасаған. 2017 жылдың 27 маусымында Арал ауданында орналасқан «Арал-Шеп» бекетінде тексеру кезінде сотталушылардың біреуінің қол сөмкесінен 1,13 гр. есірткі заты «гашиш» және автокөліктің артқы орындығының үстінен жалпы салмағы 2047,06 гр. есірткі зат «кептірілген марихуана» табылған», - деп жазлған хабарламада.
Сот үкімімен сотталушы ағайындылар ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды иемденіп, сақтап, тасымалдау) кінәлі деп танылып, әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |