
Димаш Құдайберген Селин Дион, Лара Фабиан және басқа да атақты әншілердің хит әндерінің авторы, композитор Флавьен Компанёнмен бірге атқарып жатқан жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің Инстаграмдағы парақшасына сілтемемен.
Өз жанкүйерлеріне Димаш: «Бүгін Селин Дион, Лара Фабиан және басқа да атақты әншілердің хит әндерінің авторы, әлемге аты шыққан композитормен жемісті жұмыс істедік. Біздің бірлесе жасаған туындымызды сіздер жақында тыңдайтын боласыздар @flavienpianist», - деп жазды.