Индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша 10 жоба іске қосылды

Индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша 10 жоба іске қосылды Қазалы. Ауданда индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша өткен жылы 10 жоба толық іске қосылып, 31 адам жұмыспен қамтылды.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алда 6 жоба бойынша, түрлі өнім өндіретін цехтар пайдалануға беріледі деп күтілуде. Олар негізінен мал өсіру, құйылмалы су және құрылыс материалдарын шығару жобалары. Жобалар толық іске асқанда тағы да 30 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады.

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында шығарылған өнім де жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, 2012 жылы ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі индустриялды-инновациялық жобалар бойынша өндірілген өнім үлесі 35,4 пайызды құраса, 2013 жылы 38,2 пайызға жетіп отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2014 г. 1 219 0