Айдарлыда дәрігерлік амбулатория ашылды

Айдарлыда дәрігерлік амбулатория ашылды Сырдария. Ауданның «Айдарлы» ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Оны «Қасиет-Ал» ЖШС салды.
Аудан әкімі Ғани Қазантаевтың айтуынша, ауданның денсаулық сақтау саласында бірнеше нысан елдің игілігіне айналған. Осындай оңды жұмыстардың нәтижесінде былтыр елді мекендерде аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген. Есесіне амбулаториялық қаралу көрсеткіші өсті. Сондай-ақ, ауданда ана мен бала өлімі, онкология мен жүрек-қан жүйесі аурулары көрсеткіші төмен түскен. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2014 г. 954 0