Асылхан Тұрар Азия кубогының жеңімпазы

Үндістанның астанасы Нью – Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында жерлесіміз, № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Асылхан Тұрар алтын жүлдені иеленді!
Ол велоспорттың ең ауыр түрі - омниум  жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста  қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлделер санын толықтырды.
А.Тұрар 1997 жылы Қызылордақаласында дүниеге келген. Велоспорттан жастар арасында 4 дүркін, ересектер арасында 4 дүркін Қазақстан жеңімпазы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  
Бапкері: жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Жандос Махамбетов. Оның алдағы жоспары –қараша айында өтетін Әлем кубогында топ жару.





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2017 г. 539 0